Дархан Қыдырәлі Мұсылман ақсақалдар кеңесінің Бас хатшысы Мұхаммед Әбделсаламмен кездесті

402

Әбу-Дабиде "Толеранттылық үшін дүниежүзілік үкіметтердің инкубаторы" атты форум өтіп жатыр.  

Дархан Қыдырәлі Мұсылман ақсақалдар кеңесінің Бас хатшысы Мұхаммед Әбделсаламмен кездесті Фото: Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі

Ақсақалдар кеңесі - тәуелсіз халықаралық ұйым. 2014 жылы құрылған институт мұсылман қауымдастығына бейбітшілік пен келісім құндылықтарын насихаттайды.

Кеңестің офисінде өткен жүздесуде Дархан Қыдырәлі әріптесіне форумға шақырғаны үшін алғыс айтып, конфессияаралық келісім мен диалогты дамыту мәселелерінде халықаралық ұйымдар маңызды рөл атқаратынын жеткізді.
Сонымен қатар министр Астанада өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII Съез Декларациясының мазмұндық маңыздылығы мен өзектілігін ескере отырып, бұл құжатты ілгерілетуде Кеңес рөлінің ерекше боларына сенетінін мәлімдеді.

Алдағы уақытта Қазақстанда ұйымның өкілдігін ашу жұмыстары талқыланып жатыр. Аталған өкілдік аймақтағы толеранттылық пен бейбітшілікті насихаттауға өз үлесін қоспақ.

Өз сөзінде Мұхаммед Әбделсалам Қазақстанның дінаралық және ұлтаралық қатынастағы жұмыстарына жоғары баға беріп, бұл салада ынтымақтастықты тереңдетуге ниетті екенін білдірді.

Кездесу қорытындысында министр Мұхаммед Әбделсаламды Астанада өтетін Халықаралық волонтерлер форумына шақырды.

Сондай-ақ Дархан Қыдырәлі Әбу Дабидегі “Хедая” орталығының атқарушы директоры Ахмед әл-Қасимимен кездесті.

2012 жылы ашылған халықаралық орталығы экстремизм,терроризммен күрес бағытындағы зертеу, оңалтумен айналысады.

Дархан Қыдырәлі министрлік пен “Хедая” орталығы арасындағы байланыстың онан әрі нығая беретінін жеткізді.

Қазіргі уақытта зорлық-зомбылық экстремизміне қарсы іс-қимыл саласындағы өзекті мәселелер талқыланды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу