Дархан Қыдырәлі Сенат депутаты болып тағайындалды

475

Тоқаев Жарлыққа қол қойды.

Дархан Қыдырәлі Сенат депутаты болып тағайындалды Фото: egemen.kz

Мемлекет басшысының Жарлығымен Дархан Қуандықұлы Қыдырәлі Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

1974 жылы 16 сәуірде Түркістан облысына қарасты Түлкібас ауданында дүниеге келген.

Еңбек жолын 2000 жылы Х.А. Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің аға ғылыми қызметкері болып бастаған. Аталған университетте жетекші ғылыми қызметкер, аппарат басшысы, тарих кафедрасының меңгерушісі болып еңбек еткен.

2005-2006 жылдары Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде доцент, аға ғылыми қызметкер болып қызмет еткен.

2006-2007 жылдары Қазақстан Республикасының Президенттік Мәдениет орталығы директорының орынбасары лауазымында жұмыс істеген.

2007 жылы Білім және ғылым министрінің кеңесшісі лауазымына тағайындалған.

2008-2012 жылдары Президент Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінде сарапшы, Президенттің Баспасөз қызметінің сектор меңгерушісі, Президенттің Баспасөз хатшысының орынбасары болған.

2012-2014 жылдары Түркі кеңесі Бас хатшысының орынбасары лауазымында жұмыс істеген.

2014 жылы Халықаралық Түркі академиясының президенті болып тағайындалған.

II сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломатиялық дәрежесі бар.

2016 жылдың шілдесінен бастап - 02.09.2022 дейін "Егемен Қазақстан" республикалық газеті" АҚ-ның Басқарма төрағасы.

2018 жылдың қыркүйегінде Халықаралық Түркі академиясының президенті лауазымына екінші мерізімге тағайындалды.

2022 жылы 2 қыркүйекте ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі болып тағайындалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу