Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
Өз сөзінде министр Дархан Қыдырәлі атқарылған маңызды жұмыстарды атап өтіп, жақында қабылданған "Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы" заң аясында енді әлемдік платформалардың елімізде өкілдіктері ашылып жатқанын, сондай-ақ, әлеуметтік желілердегі қазақ тіліне қатысты талаптар күшейгенін айтты.
Сонымен бірге министр Чен мырзаға медиа сауаттылықты арттыру бойынша жобалар жасау, халықаралық ынтымақтастықты арттыру туралы ұсыныстарын жеткізді.
Джордж Чен мырза өз кезегінде аталған заңнаманы қолдайтынын, бірлесе жұмыс істеуге ниетті екенін айтты.
Кездесу соңында министр Джордж Чен мырзаға жаңа лауазым қызметінде табыс тілеп, осы жылдың қыркүйек айында өтетін Astana Media Week форумына шақырды.