Дархан Мыңбай мәжіліс депутаты болды

1451

Дархан Мыңбай мәжіліс депутаты болды

2018 жылғы 13 ақпанда "Нұр Отан" партиясы саяси кеңесінің бюро қаулысымен тағайындалған парламент мәжілісінің депутатын тіркеу жөніндегі ҚР орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті.

Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің депутаты Мыңбай Дархан Қамзабекұлын тіркеу жөніндегі ҚР ОСК қаулысы қабылданды.

Дархан Мыңбайға ҚР парламенті мәжілісінің депутатының куәлігі мен төсбелгісі табысталды.

"Қазақстан Республикасының парламенті және оның депутаттарының мәртебесі" туралы Конституциялық заңға сәйкес сайланған депутат тіркеуден өткен соң өз өкілеттігіне кіріседі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу