Дархан Сатыбалды мұғалімдерді жұмысқа орналастыру үшін ақша алатындарды түгел тексермек

1889

Видео облыс әкімінің Келес ауданының тұрғындарымен кездесуінде түсірілген. 

Дархан Сатыбалды мұғалімдерді жұмысқа орналастыру үшін ақша алатындарды түгел тексермек Фото: gov.kz

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды білім беру басшылары мен мектеп директорларына ескерту жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Мұғалімдерді жұмысқа алу кезінде ақша сұрайды деген ақпаратты да естідім. Ол бойынша мен директорды да, директордың артында тұрған адамды да, сіздерден сұрап жүріп, ертең оларды тапсыртып тұрып тексерткіземіз. Бізде білім саласы таза болуы керек. Президентіміз "Жайлы мектеп" бағдарламасын салу бойынша бастама жасады. Оған қыруар қаржы бөлінді. Мына жақта осындай әрекет жасалып жатса, балаларымыз қалай өседі? Келешекте не болады?", - дейді Сатыбалды. 

Осыған дейін ауыл педагогтерінің республикалық форумында жас мұғалім жұмысқа тұру үшін 1,2 – 2 млн теңге қаражат сұрайтынын айтқан еді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу