Дархан Сатыбалды: Шағын және орта бизнес – Алматы экономикасының негізгі драйвері

337

Қала тұрғындарының 90%-ы осы салада жұмыс істейді. 

Дархан Сатыбалды: Шағын және орта бизнес – Алматы экономикасының негізгі драйвері Фото: Алматы әкімдігі

Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты 

Қала әкімінің айтуынша, шағын және орта бизнес бюджетке түсетін түсімдердің негізгі бөлігін қамтамасыз ете отырып, жалпы өңірлік өнімнің шамамен 60%-ын алады. Ал қала халқының 90%-ы осы салада жұмыс істейді. Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар саны 9,4% - ға өсіп, 387 мыңға жетті, өнім көлемі 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында 21%-ға артып, 13,2 трлн теңгеге дейін ұлғайды.

Алматы әкімдігінің мәліметінше, кәсіпкерлікті қолдау үшін 1 мыңнан астам жобаға бюджеттен 50,8 млрд теңге бөлінді, бұл жұмыс орындарын құруға және қала экономикасын дамытуға ықпал етеді.

Дархан Сатыбалды туристік саланың өскенін атап өтті. 9 айда қалаға 1,9 млн турист келді, оның ішінде 563 мың шетелдік қонақтар, ал көрсетілген қызметтер көлемі 17,4%-ға, яғни 82,4 млрд теңгеге дейін ұлғайды. Алматы CNN Travel нұсқасы бойынша әлемнің үздік 25 туристік бағытының қатарына енді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу