Мемлекет басшысының Өкімімен Дархан Медеғалиұлы Жазықбаев Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі.
Ол 1976 жылы туған. Білімі жоғары. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін, ҚР ІІМ Қостанай заң институтын бітірген. Философ, философия пәнінің оқытушысы, заңгер. Философия ғылымдарының кандидаты. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Алматы заң институтында, академиясында оқытушысы, Ішкі істер министрлігінің Кадр жұмысы департаментінің аға инспекторы, ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы, ҚР ІІМ академиясы Кадрлар жұмысы бөлімінің бастығы, Парламенті Сенаты Аппараты Әкімшілік бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Кадр жұмысы және мемлекеттік құпияларды қорғау бөлімінің меңгерушісі, "KEGOC" АҚ Басқарма Төрағасының кеңесшісі болып қызмет істеген. "Құрмет" орденімен, екі медальмен марапатталған.