Дәрі бағасын әлі түсіру керек – Олжас Бектенов

362

Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында дәрі бағасын төмендету жұмыстарын жалғастыруды тапсырды. 

Дәрі бағасын әлі түсіру керек – Олжас Бектенов Фото: Үкімет

Іс-шарада Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова дәрілік заттарға баға белгілеудің жаңа тетігі нарыққа қалай әсер етіп жатқанын баяндаған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

– Енгізілген өзгерістер нәтижесінде дәрілік заттардың кең тізбесінде баға едәуір төмендеп, 36 млрд теңгеден астам қаражат үнемделді.

Бірқатар жоғары шығынды дәрілік заттардың бағасын 50-ден 300 пайызға дейін төмендеді. Мысалы, иматиниб дәрісінің бағасы 9 450 теңгеден 2 348 теңгеге төмендеді. Ал бевацизумаб дәрісінің бағасы 360 теңгеден 77 мың теңгеге дейін төмендеді.

Сондай-ақ, жаңа баға белгілеудің арқасында тікелей келісімшарттар мен тендерлік рәсімдер шеңберінде айтарлықтай үнемдеуге қол жеткізілді, – деді Ақмарал Әлназарова.

Премьер-министр Олжас Бектенов бұл бағыттағы жұмыстарды қолдайтынын айтты.

– Бағаны реттеу бағытындағы істеріңізді қолдаймыз. Осы жұмыстарды әрі қарай да жалғастыру керек, – деді Үкімет басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу