Дәрі-дәрмек бағасы 27% қымбаттауы мүмкін

Фармкомпаниялар Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдерімен кездесу кезінде осындай мәлімдеме жасады.  

Дәрі-дәрмек бағасы 27% қымбаттауы мүмкін Фото: google

Сала өкілдерінің хабарлауынша бұған инфляция, мемлекеттік реттеу, тауарларды таңбалау, GPP стандарттарын енгізу ықпал етеді.

"Салдарынан кішігірім дәріханалар жабылып, препараттар бағасы өсуі мүмкін. Тіпті, кейбірі сырттан әкелінбеуі де мүмкін", – дейді сала өкілдері.

Айта кетейік, 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап қазақстандық дәріханалар халықаралық GPP стандартын енгізуі керек. Бұл өзгеріс 2018 жылы қабылданған. Бірақ ол кезде дәрі нарығының өкілдері бастаманы кейінге шегеруді ұсынған. Олар мұны қосымша шығын деп түсіндірген.

 

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу