Дәрі-дәрмек бағасы бес есе қымбаттауы мүмкін

693

Қазақстанда дәрі дәрмек  бағасы бес есе қымбаттауы мүмкін. Осылай деген фарм компаниялар еліміздің  денсаулық сақтау министрлігі бекіткелі отырған өзгерістер қымбатшылық пен бизнестің жабылуына әкеледі дейді. 

Дәрі-дәрмек бағасы бес есе қымбаттауы мүмкін Фото: inbusiness.kz

Қарағандылық фарм компанияларының басшылары дәрі-дәрмектерге қосылатын субстанцияларды тіркеуден өткізу  қымбатшылыққа алып келеді дейді. Кеншілер өңіріне шет елдерден жергілікті дәріханалар мен ауруханаларға бұл қоспаны жеткізетін жалғыз бизнес өкілі бар. Ол - Ольга Цейц. Кәсіпкердің сөзінше, халықаралық тіркеуден өткен дәрілік қоспаларды елімізге әкеліп, оны қайта тіркеу  бизнестің жабылуына әкеледі.

"Егер тіркеуді енгізетін болса, бизнесіміз тоқтайды. Себебі, дәрілік қоспалардың бағасы екі, тіпті бес есеге дейін шарықтап кетуі ықтимал. Ал,қымбат дәріні кім алады? Бізге мүлдем тиімсіз", дейді Кәсіпкер Ольга Цейц.

Елімізде дәрілік субстанция жасайтын зауыт жоқ. Сондықтан, шет елдерден алынады екен. Қазақстандық кәсіпкерлер қауымдастығының президенті Ермек Әбілдиннің айтуынша, онсыз да халықаралық талаптарға сай, тіркеуден өткен қоспаны елімізде қайта тізімдеу - қарапайым жұрттың да қалтасын қағады.

"Халықаралық стандарттарға сай келіп тұрса, неге ол бізде Қазақстанда тағы да сондай тіркеуден өту керек. Ол әрине кәсіпкерлердің қалтасынан  келіп ұрады. Көптеген шығындар кетеді. Сол шығындардың бәрі әрине қарапайым халықтың, тұтынушылардың қалтасына келіп соғады", дейді Қазақстан кәсіпкерлері қауымдастығының президенті Ермек Әбілдин.

Ал, Денсаулық сақтау министрілігі болса, еліміздегі дәрі  дәрмек жасайтын 126 ұйымға алаңдауға негіз жоқ деп сабырға шақырды. 

"Егер субстанцияны растайтын тиісті құжаттар болса тіркеуден өтудің қажеті жоқ. Ал, ешқандай жерде тіркеуден өтпеген дәрілік препараттар елімізде міндетті түрде тіркелу керек", дейді ҚР ДСМ фармацевтикалық қызметті бақылау барқармасынын басшысы Эрик Құлшанов.

Дегенмен, фармкомпания өкілдерінің пайымдауынша, халықаралық дәрежеде тіркеуден өткендер субстанцияларды, елімізде қайта тіркейтін болса, дәрі -дәрмек бағасы 5 есеге дейін қымбаттайды деген болжам айтады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу