Дәрі-дәрмек бағасы келер жылдан біркелкі етілмек

712

Дәрі-дәрмек бағасы келер жылдан біркелкі етілмек

Келер жылдан бастап еліміздің барлық өңірінде дәрі-дәрмек бағасын біркелкі ету жоспарланып отыр. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың айтуынша, бүгінде арнайы заң жобасы әзір.

Заң қабылданғаннан кейін дәрі-дәрмектің шекті бағасы бекітіледі. Сондай-ақ дәрілік өнімдердің әр орамына штрих-код қойылып, смартфон арқылы қадағалау жүйесі енгізіледі.

Айта кетейік, министр ортақ бағаны реттеуде кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп жұмыс істейтінін жеткізді. Өйткені, дәріні тасымалдап отырған кәсіпкерлермен де санасуымыз керек, дейді мекеме басшысы.

Елжан Біртанов, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

"Қазір мемлекет сатып алынып жатқан дәрілердің бағасын өткен жылдан бастап қана бекітіп отырмыз. Бұған дейін жеке дәріханалардың бағасын реттеуге біздің құқығымыз болған жоқ. Енді осы тапсырманы орындау үшін заңның концепсиясын дайындап жатырмыз".

Автор: Жалғас Зейнолла

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу