Дәрі-дәрмек бағасын мемлекеттік реттеу туралы заң жобасы әзірленеді

1757

Дәрі-дәрмек бағасын мемлекеттік реттеу туралы заң жобасы әзірленеді

"Тиісті заң жобасын тамыз айында әзірлеп бітіреміз де, нарыққа қатысушылардың талқылауынан кейін үкіметке ұсынамыз деп жоспарлап отырмыз. Бұл өте қажет заң", –деп мекеме басшысы Елжан Біртанов   Астанада өткен баспасөз мәслихатында  хабарлады деп жазады "Интерфакс-Қазақстан".

Министрдің айтуынша, "дәрі-дәрмектің бөлшектік сауда нарығына шығып, оны ретеуді бастау үшін бізге халықтың денсаулығын сақтау туралы кодекске өзгерістер енгізу қажет".

"Бүгінгі күні осыған байланысты бұл нарықты реттей алмаймыз,  ал азаматтардың қалтасына күш түсіп отыр. Олар көбінесе дәрі-дәрмекті қымбат бағаға сатып алуға мәжбүр", – деді ол.

Денсаулық министрі  қазіргі уақытта министрліктің дәрі-дәрмек бағасын реттеу саласындағы халықаралық тәжірибемен танысып жатқанын айтты.

"Бұл заң енгізілген елдердің үлгісімен танысып, өзімізге енгізетін боламыз", – деп атап көрсетті ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу