Дәрі-дәрмек экспорты 3 есе артады – министр

971

Фармацевтикадағы негізгі өсім дәрі-дәрмек өндірісін ұлғайту есебінен болады. 

Дәрі-дәрмек экспорты 3 есе артады – министр

2025 жылға қарай елімізде дәрі-дәрмек экспорты 3 есе артып, 174 млн долларға жетеді. Бұл туралы Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Министрдің пікірінше, биыл фармацевтикадағы өндіріс көлемі 105% деңгейінде болады.

"Негізгі өсім дәрі-дәрмек өндірісінің 10,2% ұлғаюы есебінен қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ коронавирус инфекциясына қарсы вакцина өндірісі және 5 жаңа өндірісті іске қосу салаға оң әсер етеді",– деді Бейбіт Атамқұлов.

Ол Қазақстанда фармацевтика және медициналық өнеркәсіпті дамытудың 2025 жылға дейінгі кешенді жоспары әзірленгенін атап өтті.

"Оны одан әрі іске асыру саладағы өндіріс көлемін 2,5 есеге, яғни 92 млрд теңгеден 130 млрд теңгеге дейін жеткізуге мүмкіндік береді. Дәрі-дәрмек экспорты 3 есе артып, 58 млн доллардан 174 млн долларға жетеді", деп түйіндеді сөзін министр.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу