Дәрі-дәрмек қорын қалыптастыруға 2,6 млрд теңге бөлінді

745

"СҚ-Фармация" басшысы есеп берді.

Дәрі-дәрмек қорын қалыптастыруға 2,6 млрд теңге бөлінді

"Коронавирус инфекциясынан емделу үшін дәрі-дәрмектің тұрғындарға жеткілікті болуы ел үкіметінің тікелей бақылауында. Маусым айының соңында індетпен ауырғандардың саны көбейіп, ауруханалар мен провизорлық орталықтарда дәрі тапшылығы тіркелді. Бұл мәселе жедел әрі тиімді шешім қабылдауды қажет етті", – деді Ерхат Есқалиев орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте. 

Оның айтуынша, дер кезінде қабылданған шешім бірқатар мәселені шешті. Атап айтқанда, коронавирус індетін емдеу үшін ай сайынғы дәрі-дәрмек қорын қалыптастыруға 2,6 млрд теңге бөлінді. 40 мың науқасқа қосымша дәрі-дәрмек сатып алу үшін 8,7 млрд теңге қарастырылды. 100 мыңнан астам науқасты емдеуге 2 айлық қор қалыптастырылды. Оған 24 млрд теңге бөлінді.

Қанат Махамбет
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу