Дәрі-дәрмек нарығын пайда көзіне айналдырғандар қатаң жазаланады

892

Шымкенттік азамат жауапкершілікке тартылды.  

Дәрі-дәрмек нарығын пайда көзіне айналдырғандар қатаң жазаланады

Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов мәлім етті.

"Бүгін ғана Шымкент қаласында осындай пиғылмен жұмыс жасаған бір азамат қолға түсті. Ол заңға сәйкес жазаланады. Сондықтан барша қазақстандықтарға, әсіресе осы дәрі-дәрмектің айналасындағы жағдайды ескере отырып, пайда тауып қалуды көздейтін азаматтарға мұны ескертіп айтқым келеді. Бұл тікелей Президенттің қарауындағы сұрақ. "Кемедегінің жаны бір", сондықтан бір-бірімізді қолдайық", - деді Премьер-министрінің орынбасары.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу