Дәрі-дәрмек саясаты ДСМ-ға беріледі

1147

Ішкі нарықтағы дәрі-дәрмектің 88 пайызы – импорт.

Дәрі-дәрмек саясаты ДСМ-ға беріледі

Фармацевтика және медицина  өнеркәсібі саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру міндеті Денсаулық сақтау министрлігіне берілетін болды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҮҰСК отырысында осындай мәлімдеме жасады.

"Пандемия кезінде елімізді дәрі-дәрмекпен және медициналық өнімдермен қамтамасыз ету ісінің олқылықтары анықталды. Біз импортқа тым тәуелдіміз. Шетелден келетін дәрілердің нарықтағы үлесі 88 пайызға жуық. Фармакологиялық зерттеулер жүргізу үшін тәжірибеміз жеткілікті. Ғылыми база да, білікті мамандар да бар.  Сондықтан Үкімет дәрі-дәрмек индустриясының біртұтас жүйесін құруы қажет. Мұнда зерттеу жүргізуден бастап өнеркәсіптік деңгейге дейінгі үдерістер қамтылуға тиіс. Фармацевтика саласындағы саясат ішкі сұранысты қамтамасыз етуге, озық технологияларды тартуға және импортты алмастыруға бағытталғаны жөн. Осыған орай фармацевтика және медицина  өнеркәсібі саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру міндеті Денсаулық сақтау министрлігіне беріледі. Бұл ретте саланы дамыту және қалыпты дәрі-дәрмекпен тиімді қамтамасыз етудің тепе-теңдігі бұзылмауы керек. Үкіметке отандық фармацевтика  өнеркәсібін дамыту жоспарын жасауды тапсырамын. Онда нақты көрсеткіштер мен  мақсат-міндеттер айқындалуға тиіс", – деді Мемлекет басшысы.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу