Дәрі-дәрмекке қатысты бірыңғай ереже қолданылатын болды

1042

Дәрі-дәрмекке қатысты бірыңғай ереже  қолданылатын болды

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің ортақ фармацевтикалық нарығы іске қосылды. Енді Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Беларусь және Армениядағы өндірушілер дәрі-дәрмектерді тіркеп, нарыққа шығару үшін бірыңғай ережелерді қолданады.

Жаңа тәртіп нарықты қауіпті дәрілерден тазартуға жағдай жасайды. Сонымен бірге фармацевтикалық зерттеулерге рұқсат беру, баға белгілеу, бөлшек сауда, мемлекеттік сатып алу және медициналық жарнама салаларын экономикалық одаққа мүше елдердің әрқайсысы бұрынғыдай өздері реттейтін болды. Өндірушілер үшін арнайы өтпелі кезең енгізілген. Яғни 2020 жылдың аяғына дейін олар өнімді өз елінің ережесі бойынша немесе Еуразиялық экономикалық одақ қағидаттарына сәйкес тіркей алады. Ал тұтынушылар бұл өзгерістерді кейінірек сезеді. Өйткені дәрі-дәрмекті тіркеу мен нарыққа шығарудың арасында 7-10 ай уақыт өтуі мүмкін.

Айта кетейік, Еуразиялық одаққа мүше елдердің фармацевтикалық өнім бойынша өзара сауда-саттық мөлшері 400 миллион АҚШ долларына тең. Бұл өнімнің басқа елдерден импорты 10 млрд АҚШ долларынан асады.

"Әкімшілік бөгеттердің азаюына байланысты өнімді тіркеу және нарыққа шығару уақыты қысқартылады. Бұл бір жағынан нарықтағы дәрі сұрыпталымының кеңеюіне себеп болса, екінші жағынан дәрі-дәрмек бағаларының төмендеуіне әкеледі", - деді ЕЭК өкілі Дмитрий Щекин. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу