Дәрі-дәрмекпен қамтуға шамамен 5 млрд теңге бөлінді

1159

Жоспарлы көлемнің 80%-ы емханаларға жеткізілді.  

Дәрі-дәрмекпен қамтуға шамамен 5 млрд теңге бөлінді

Павлодар облысында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында берілетін тегін дәрі-дәрмектің тізімі үш есеге көбейді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Былтыр диспансерлік есепте тұрған науқастарға медициналық препараттарды тегін үлестіру үшін қазынадан 6 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалған болатын. Пандемия кезінде тағы 1 млрд теңге болатын дәрі-дәрмектер жеткізілді. Ал биыл бұл мақсатқа шамамен 5 млрд теңге қарастырылып отыр.

Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы Анар Омарованың айтуынша, биыл тегін дәрі-дәрмек тізімі үш есеге көбейіп, 135 препарат тегін берілетін болды. Олардың қатарында коронавирус жұқтырған науқастарға арналған парацетомол, ибупрофен, ривароксабан, дабигатран және апиксабан бар. Оларды сатып алуға 36 млн теңге бөлінді. Бұл ретте өткен жылы гуманитарлық көмек ретінде келген кейбір медициналық препаттар әлі күнге дейін сақтаулы екенін атап өту керек.

"Амбулаторлық жағдайда қаралатын тұрғындардың 99,1%-ы қажетті дәрілермен қамтылған. Тек онкологиялық сырқаты бар жандарға кейбір препараттар уақытша берілмей отыр. Олар Еуропа елдерінде шығарылатындықтан, өндіріске, өнімдерді жеткізуге қатысты уақытша қиындықтар туындады. Ақпан айының соңында алғашқы легі келуі тиіс. Әзірше радиологиялық бөлім дәрігерлеріне сол препараттардың балама түрлерін жазып беруге кеңес берілді", - дейді Анар Омарова.

Ал артериалды гипертензия, эпилепсия, қант диабеті, жүйке аурулары және басқа да сырқат түрлері бойынша тегін берілетін дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етуде қиындық жоқ көрінеді.

Ажар Дәулетова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу