Дәрі-дәрмектер мен фармацевтикалық өнімдердің бағасы қымбаттап жатыр

968

Елімізде жоғары сұранысқа ие дәрілер мен фармацевтикалық препараттардың құны шарықтап кеткен. 

Дәрі-дәрмектер мен фармацевтикалық өнімдердің бағасы қымбаттап жатыр

Антисептиктер бір жылдың ішінде бірден - 33 %-ға, дене қызуын түсіретін дәрілер - 16 %-ға, ал бүйректі емдейтін препараттар 12 %-ға өскен.

Пандемияға байланысты фармацевтикалық өнімдерге сұраныс 40 %-ға артқан.
Биыл қаңтар-қазан айларында елімізде 109,6 млрд теңгенің фармацевтикалық өнімдері өндірілген, бұл былтырғымен салыстырғанда 44,7 %-ға, ақшаға шаққанда - 39,7 %-ға көп.

Өндіріске шығарылған барлық өнімнің басым бөлігі, яғни 81,2 %-ы еліміздің ірі өңірлеріне - Шымкент (40,8 млрд теңге, бұл өткен жылмен салыстырғанда 52,1 %-ға артық), Алматы облысы (25,1 млрд теңге, бір жыл ішіндегі көрсеткіштен 0,3 % төмендеу) мен Алматыға (23,1 млрд теңге, қосу 43,5 %) жөнелтілген.

Бұл өңірлерде "Абди Ибрахим Глобал Фарм" ЖШС,"Kelun-KazPharm" ЖШС, "Dolce"ЖШС,"Химфарм" (Santo) АҚ, "Зерде-Фито" ЖШС, "Нобел" Алматы фармацевтикалық фабрика, "Аврора" ЖШС, "Cheminnova Alimor Kazpharm" ЖШС, "Rapid-Alimor Pharm Industriers" ЖШС,  "Dostarm" ЖШС және басқа да кәсіпорындар жұмыс істейді.

2019 жылы өндіріс көлемі 92,4 млрд теңгені құраған, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда өндіріс көлемі жағынан 18,3 %-ға артық көрсеткіш

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу