Дәрі-дәрмектерді сатып алу электронды форматқа ауыстырылады, деп хабарлайды Atameken TV.
Мамандардың өзінше, 19-шілдеден 26-шілдеге дейін өнім жеткізушілердің көмегімен жүйе сынақтан өткізіледі. Ал келесі жылы дәрі-дәрімектерді сатып алуды түгелмен веб-портал арқылы жүзеге асады. Бұл біріншіден сатып алу процедураларын ашық түрде жүргізуге және төлемдерді бақылауға мүмкіндік береді. Министр өз кезегінде осындай ашықтықтың арқасында мемлекеттен бөлінген қаржының 10 пайызы яғни 26 млрд теңгесі үнемделгенін айтты. Нәтижесінде ақша қосымша дәрі-дәрмектерге жұмсалды деді.
"Жыл басынан бері қағазсыз жұмысқа ауысу бастамасына төрт өңір, одан кейін сәуір айында тағы төрт өңір қосылды. 1 шілдеден бастап қалғаны қосылды. Жылдың аяғына дейін барлық медициналық ұйымдар да, яғни стационарлар мен емxаналардың жұмысы электронды форматқа ауысуы қажет. Соның арқасында біз азаматтарды дәрі-дәрмекпен қамту мәселесін шеше аламыз", - дейді ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.