Дәрі-дәрмекті интернет арқылы сатқандар ұсталды

1256

Нұр-Сұлтанда заңсыз айналымнан жалпы құны 3,7 млн теңге болатын медициналық құралдар мен дәрілік заттар тәркіленді.

Дәрі-дәрмекті интернет арқылы сатқандар ұсталды

Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаментінің қызметкерлері дәрілік заттар мен медициналық құралдардың заңсыз сатылуын анықтау бойынша жедел-алдын алу шараларының алғашқы тәулігінде заңсыз айналымнан медициналық маскалар, комбинезондар, термометрлер, медициналық көзілдіріктер мен антисептиктердің ірі партиясын тәркіледі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

"Тәртіп сақшылары хабарландыру сайттары арқылы термометр, ингавирин, парацетамол, цефтриаксон және басқа да дәрі-дәрмектер сатқан интернет-қолданушыларды анықтады. Тәркіленген дәрі-дәрмектің жалпы сомасы 3 млн 700 мың теңгені құрады", – деп жазылған полиция департаментінің хабарламасында.

Сондай-ақ полиция қызметкерлері 63 дана термометр, сондай-ақ жалпы сомасы 3 млн теңге шамасында медициналық плащ, маскаларды заңсыз сатқан қала тұрғынын анықтады. Сонымен қатар Түркістан көшесінде 200 мың теңге сомасында 100 литр антисептикті заңсыз сату фактісі анықталды.

"Барлық құқық бұзушылар полицияға жеткізілді. Әрбір анықталған факті бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес құқықтық баға берілетін болады", – деді департаменттен.

Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті тұрғындардың дәрі-дәрмектерді заңсыз сату фактісі мәлім болған жағдайда, жақын маңдағы полиция бөлімшесіне жүгінуді немесе 102 нөміріне қоңырау шалуды сұрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу