Дәрі-дәрмектің 2000-ға жуық түрі қымбаттауы мүмкін

328

Қымбаттауы мүмкін дәрі-дәрмектер тобында халық арасында ең көп сұранысқа ие дәрілер де бар.  

Дәрі-дәрмектің 2000-ға жуық түрі қымбаттауы мүмкін Фото: Inbusiness.kz

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Қазақстандағы кейбір препараттардың қымбаттауы мүмкін екендігі туралы бұйрығы "Ашық НҚА" порталында жарияланған.

Алайда, Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың айтуынша, әзірге бұйрық уақытша тоқтатылды, өйткені бағаның өсуі қоғамдағы наразылыққа және қажетті дәрі-дәрмектерді сатып алудағы қиындықтарға әкелуі мүмкін, деп жазады inbusiness.kz.

Сонымен, жобаға сәйкес парацетамолдың құны 2,5 есе, йод – 2,1 есе, цефазолин – екі есе, ампициллин – 32,5%, бисакодил – 2,3 есе артуы мүмкін.

"1728 атау. Барлық топтар: антигистаминдер, антибиотиктер, жөтелге қарсы. Халық арасында ең жиі сатып алынатын және сұранысқа ие препараттар осы 1728 дәрі-дәрмек тобына кіреді. Сондықтан қазір қоғамда дүрбелең тудырмау үшін бүгін бұл бұйрық менімен тоқтатылды", - деді Ақмарал Әлназарова.

Бұған дейін дәрі-дәрмек құнының өсуі бойынша Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақта жетекші орынға ие екендігі атап өтілген болатын. Мамыр айында елімізде дәрі-дәрмек бағасының жылдық өсуі 11%-ды. құрады, ал ЕАЭО-да бұл көрсеткіш орташа есеппен 4,2% шамасында. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі дәрі-дәрмектің бағасы өсетінін, бірақ норма шегінде екенін атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу