"Дәрі-дәрмектің 80%-ы басқа елдерден сатып алынды. Бірнеше позициялар қалды. Ол бойынша қазіргі таңда сатып алу процесі жүргізіліп жатыр. Украинадан арнайы келісімшартпен 20 шақты дәрі-дәрмек сатып алатын едік. Соңғы оқиғаларға байланысты арнайы келісімшарттар жойылып, оның орнына басқа елдерден дәрі-дәрмек сатып алу процесі жүргізіліп жатыр", – деді Бауыржан Жүсіпов.
Журналистің "Қытайдан қанша дәрі-дәрмек түрін алып отырсыздар" деген сұрағына министрлік өкілі тарапынан мардымды жауап болмады.
"Қазір ондай толық статистиканы айта алмаймын. Негізгі дәрі-дәрмектің көбісі СҚ-Фармация алатын бойынша Еуропа елдерінен, Ресейден әкелінеді. Одан бөлек Қытай, Үндістан мемлекеттерінен де аламыз. Толық пайызын сізге жазбаша түрде берейін", – деді департамент директоры.