Дереккөздің айтуынша, тұңғыш президенттің күйеу балалары ұлттық компаниялардағы басқарушы лауазымдарынан босатылды.
Димаш Досанов – "ҚазТрансОйл" АҚ бас директоры және басқарма төрағасы болған. Ол бірінші президенттің кіші қызына үйленгеннен кейін көп ұзамай 2016 жылы 6 тамызда жоғары лауазымға тағайындалды.
Шәріпбаев тұңғыш президенттің үлкен қызы Дариға Назарбаевамен бас қосқан. Бұған дейін "ҚазТрансГаз" ҰК" АҚ басқарма төрағасы болған Қайрат Шәріпбаев қызметтен кетті.
"Самұрық-Қазына" қоры Назарбаевтың екі күйеу баласы – Досанов пен Шәріпбаевты қызметінен босатылғаны туралы ресми түрде растады.