Дариға Назарбаева: "Айсұлтанымыздан айырылып қалдық"

985

Айсұлтан Назарбаев бүгін 16 тамызда 30-ға толарына 10 күн қалғанда өмірден өтті.   

Дариға Назарбаева: "Айсұлтанымыздан айырылып қалдық"

Экс-сенат төрағасы, Тұңғыш президенттің қызы Дариға Назарбаев халыққа үн қатты деп хабарлайды Dalanews.kz. 

"Сүйікті Айсұлтанынан айырылып қалған біздің әулет қара жамылып, қайғы жұтып отыр. Ауызға сөз түспейтін ауыр шақта қоғам жақынынан айырылған біздің жағдайымызға түсіністікпен қарайды деген үміттемін", – дейді Дариға Назарбаева.

Ажалының неден болғаны әлі анық емес. Жүрегі тоқтап қалған деген болжам бар. Мәселенің мән-жайы анықталуда.

Айсұлтан Назарбаев – Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немересі.

1990 жылы 26 тамызда марқұм Рахат Әлиев пен Дариға Назарбаеваның шаңырағында дүниеге келген. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу