Дариға Назарбаева "Астана Опера" кеңесінің құрамынан шығарылады

810

Құжат "Ашық НҚА" порталында жарияланды.

Дариға Назарбаева "Астана Опера" кеңесінің құрамынан шығарылады Фото: senate.parlam.kz

Мәдениет және ақпарат министрінің "Астана Опера" мемлекеттік опера және балет театрының Қамқоршылық кеңесінің құрамын өзгертуге қатысты бұйрық жобасы шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

– "Астана Опера" мемлекеттік опера және балет театры" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қамқоршылық кеңесінің құрамы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 22 мамырдағы № 512 қаулысымен бекітілген және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 маусымдағы № 362 қаулысымен өзгертілді. Қазір Қамқоршылық кеңестің жекелеген мүшелері қаулыда көрсетілген лауазымды атқармайды. Кадрлық өзгерістерге байланысты Қамқоршылық кеңес мүшелерінің құрамына өзгеріс енгізу қажеттілігі туындады, – делінген түсіндірме жазбада.

Осылайша, театрдың Қамқоршылық кеңесі мүшелерінің құрамын өзектендіру мақсаты қойылып отыр. 

– Енгізілетін өзгеріс қамқоршылық кеңес құрамын өзекті кадрлық құрылымға сәйкес, келтіру қажеттілігімен негізделген, – деп түсіндірілген құжат жобасында.

"Астана Опера" мемлекеттік опера және балет театрының Қамқоршылық кеңесінің құрамынан кімдер шығарылды? 

– Назарбаева Дариға Нұрсұлтанқызы – бұрынғы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты;

– Құлыбаев Тимур Асқарұлы – бұрынғы "Атамекен" Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының төралқа төрағасы; 

– Сатқалиев Алмасадам Майданұлы – Энергетика министрі; 

– Машкевич Александр Антонович – ERG Sarl менеджерлер кеңесінің төрағасы: 

– Шодиев Патох Каюмович – ERG Sarl менеджерлер кеңесінің төрағасы; 

– Рақышев Кеңес Хамитұлы – "Fincraft Resources" акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің төрағасы; 

– Смағұлов Нұрлан Еркебұланұлы – "Astana Group" холдингінің президенті;

– Васкес Лучано – ENI S.p.A. Орталық Азия филиалының басшысы.

"Астана Опера" мемлекеттік опера және балет театры" коммерциялық емес акционерлік қоғамы жанындағы қамқоршылық кеңестің құрамы

– Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі;

– Астана қаласының әкімі;

– "Астана Опера" мемлекеттік опера және балет театры" коммерциялық емес акционерлік қоғамының директоры (келісу бойынша);

– Аблазимов Бахаридин Нугманович, "ҚазАзот" акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің төрағасы (келісу бойынша);

– Баталов Райымбек Әнуарұлы, "Атамекен" Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының міндетін атқарушы (келісу бойынша);

– Жақыпов Нұрлан Қаршығаұлы, "Самұрық-Қазына" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісу бойынша);

– Ибрагимов Шухрат Алиджанұлы, ERG S.a.r.l. директорлар кеңесінің төрағасы, бас атқарушы директор (келісу бойынша);

– Хойтинк Сегер, Agip Karachaganak B.V. төрағасы және басқарушы директоры (келісу бойынша).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу