Парламент Сенатының төрағасы Дариға Назарбаева Дүниежүзілік банкінің Орталық Азия бойынша аймақтық директоры Лилия Бурунчукті қабылдады. Аталған шараға Парламент Сенатының депутаттары, Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы тұрақты өкілі Жан-Франсуа Марто қатысты, деп хабарлайды жоғарғы палатаның баспасөз қызметі.
Кездесу барысында Қазақстан мен Дүниежүзілік банктің арасындағы бірлескен ынтымақтастықты дамыту бағыттары талқыланды.
"Біз қазір экономикалық сұрақтарға ерекше мән берудеміз. Бүгінгі таңда Сенат ел экономикасы дамуын жеделдету, адамдардың табысын арттыру және мемлекет бюджетінің табысты бөлігін ұлғайту жолында алаңдаулы", – деді Дариға Назарбаева.
Өз кезегінде, Лилия Бурунчук бірлесіп жұмыс істеуге дайын екендігін айта келіп, Дүниежүзілік банк талдау және әкімшілік мониторингтік жобалар, бюджет табысының көлемін арттыру және қаражатты ұтымды қолдану шараларына ерекше назар аударатынын мәлім етті.
Сонымен қатар, Дүниежүзілік банктің аймақтық директоры Қазақстанда қабылданған салықтық реформалардың нәтижесі мен салықтық жеңілдіктердің тиімділігін зерттеуді ұсынды. Одан бөлек, Л. Буручук Дүниежүзілік банкі тарапынан агроөнеркәсіптік кешен саласы, транзит әлеуеті және жасыл экономиканы мониторингілеу мүмкіндігі туралы айтты.
Кездесу нәтижесінде екі жақ экономикалық процесті ұзақмерзімді бақылау методологиясы, қолданыстағы статистиканы талдау және бағдарламаларды зерттеу бойынша консультация алмасуды одан әрі жалғастыруға келісті.