Дариға Назарбаева парламент мәжілісінен кетеді, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы zakon.kz-ға сілтеме жасап.
"Бүгін Мәжіліс депутаты өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдадым және толығымен қоғамдық, гуманитарлық, мәдени және қайырымдылық қызметке ден қоюды ұйғардым", – деді Дариға Назарбаева.
Ол Nur Otan партиясына дауыс берген қазақстандықтарға, партияластарына және өзіне сенім артқан ел басшылығына алғысын айтты.
Сондай-ақ қаңтар оқиғасына қатысты пікір білдірді.
"Қаңтардағы қайғылы оқиғалар Қазақстан халқының бірлігі болмаса, еліміздің гүлденуі мен одан әрі дамуы болмайтынын көрсетті. Болған оқиға – халқымыз үшін үлкен қасірет. Барлық оқиғаға мұқият және объективті тергеу жүргізу қажет деп санаймын. Кінәлілер жазаға тартылып, кінәсіз адамдар босатылуы керек", – деді экс-депутат.