Дариға Назарбаева ресми сапармен Арменияға келді

802

Жүздесулерде Қазақстан мен Армения арасындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелері, сондай-ақ парламентаралық қатынастарды дамытудың келешегі талқыланбақ.  

Дариға Назарбаева ресми сапармен Арменияға келді

Парламент Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаева бастаған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының делегациясы Армения Республикасы Ұлттық Жиналысының Төрағасы Арарат Мирзоянның шақыруымен Армения Республикасына ресми сапармен келді, деп хабарлайды ҚР Парлементі сенатының баспасөз қызметі.

Қазақстан Парламенті Сенаты Төрағасының сапар бағдарламасында Армения Республикасы Ұлттық Жиналысының Төрағасы Арарат Мирзоянмен, Премьер-министр Никол Пашинянмен және Президент Армен Саркисянмен кездесу бар. Жүздесулерде Қазақстан мен Армения арасындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін, сондай-ақ парламентаралық қатынастарды дамытудың келешегін талқылау жоспарланып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу