Дариға Назарбаева сенат төрағасы болып қайта сайланды

1516

Оның кандидатурасын сенаторлар бірауыздан қолдаған. 

Дариға Назарбаева сенат төрағасы болып қайта сайланды

Дариға Назарбаеваның кандидатурасын Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынды.

Президент әкімшілігінің басшысы Қырымбек Көшербаев Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Дариға Нұрсұлтанқызын сенат төрағасы етіп сайлауды сұраймын" деген ұсынысын оқыды. 

Назарбаеваның кандидатурасын отырыстағы 48 сенатордың барлығы қолдап, дауыс берген.

Еске сала кетсек, 2019 жылдың 20 наурызында Қасым-Жомарт Тоқаев Президент қызметіне кіріскеннен кейін, Дариға Назарбаева сенатқа төраға болып сайланған болатын. Ал 12 тамызда сенат депутаты етіп тағайындады.

Дариға Назарбаева 1963 жылы 7 мамырда дүниеге келген. Қоғам және мемлекет қайраткері, тарих ғылымдарының кандидаты, саясаттану ғылымдарының докторы. Ломоносов атындағы Мәскеу университетінің тарих факультетінде және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде білім алған. Ол мәжіліс төрағасы, премьер-министрдің орынбасары қызметтерін атқарған.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу