"Дариға Назарбаеваға арналған": Медеу Арынбаев әндері жайлы айтты

3747

Бұл туралы Медеу Арынбаев "Динамен дұрыс" бағдарламасында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Дариға Назарбаеваға арналған": Медеу Арынбаев әндері жайлы айтты Фото: sputnik.kz | бейнежазбадан

"Дариға жүректі" мәжбүрлеп айтқандай айтқанмын. Былай болды, 20 жыл алдын Серік Абас-шах "Хабар" арнасынан телефон соғып, "Медеу, жол жөнекей жолығып кету керек, мынаның ішінде бір ән бар, осыны тыңда да, қолға алу керек, орындау керек, осыған зер сал" деді. Тыңдасам, сөзі әп-әдемі сияқты, бағыты да, бірақ автордың орындаушылық мәнер, шеберлігіне мүлдем сөз жоқ. Жай акапельмен айтып берген. "Бұлай хит болады" деп біреу маған айтатын болса, өзіне күліп қарар ма едік?! Өзіміздің жүрегімізді салдық, сәл аяладық", – дейді ол.

Сөзінше, басында әннің кімге арналғанын білмеген.

"Кейін әнді жазып, уф, өткіздім, аңғармаймын. Қазағымыздың Дариға деген қыздары көп қой. Классикалық бағыттағы ән. Сөйтсек, солай екен. Саясат деген сонда жатыр екен. Жарайды, ұжым болып, сый-сияпат жасағаны шығар деп ойладым. Солай екен. Ел өзіме түсіндіріп жатыр. Бейнебаянды түсіруші ұжым Дариға Нұрсұлтанқызына арнау болып тұр. Ашылатын әңгіме. Мұны қашанға құпия сақтайсың?!", – деді Медеу Арынбаев

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу