Дариға Назарбаеваның келіні 80 миллион теңгелік әшекей тағады

5784

Нұрәлі Әлиевтің әйелі Аида Имашева Jacob&Co компаниясының әшекей бұйымдарын тағып жүр, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Дариға Назарбаеваның келіні 80 миллион теңгелік әшекей тағады

Зергерлік үй әшекей бұйымдарды тек арнайы тапсырыстар үшін жасайды. Ақ алтыннан, түрлі-түсті лағылдардан және жарқыраған гауһар тастардан жасалған Cerastes алқасының құны 181 000 доллардан асады.

Еске салайық, Нұрәлі – Дариға Назарбаева мен Рахат Әлиевтің тұңғышы. Аида Имашева Орталық Сайлау комиссиясының бұрынғы төрағасы Берік Имашевтың қызы.

Аида Имашева Швейцарияда және АҚШ-та оқыды.
Қазір Астана мен Алматы қалаларындағы  Arte Di Casa атты интерьер және декор үйіне жетекшілік етеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу