Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының капитаны Дариға Шәкімова әлем чемпионатын сәтсіз аяқтады, деп хабарлайды inbusiness.kz ҰОК сайтына сілтеме жасап.
66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде шаршы алаңға шыққан отандасымыз әлем чемпионатының бірінші айналымында жеңіліс тапты. Өзбекстандық Навбахор Хамидованмен жұдырықтасқан ол төрешілер шешімімен қарсыласына жол берді.
Әлем чемпионаты 20 мамырға дейін жалғасады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу