Дәріге қатысты сатып алу заңын өзгерту ұсынылды

912

Дәріге қатысты сатып алу заңын өзгерту ұсынылды

 

Қазақстан дәріханалары неліктен бір препаратты әртүрлі бағада сатады. Бүгін үкімет отырысында премьер-министр Бақытжан Сағынтаев, денсаулық сақтау министріне осындай сауал қойды. Үкімет басшысының айтуынша, шетелдерде дәрі бағасы бір келкі бағада саудаланады. Ал, елімізде әрбір дәріхананың өз тарифі бар дейді. Сондықтан, Бақытжан Сағынтаев дәрілердің баға саясатына үкіметтік емес ұйымдармен бірлесе отырып түзетулер енгізу керек деп есептейтінін жеткізді. Сондай-ақ, премьер-министр жыл соңына қарай кей өңірлерде дәрі тапшылығы туындайтынын сынға алды. Мұндай олқылықты болдырмау үшін жауапты министрлік жыл басында әрекет етуі керек еді дейді Бақытжан Сағынтаев. Денсаулық сақтау министрі болса, бұған жүйені орталықтандыруға қатысты заңның қабылдануы себеп болды деп отыр.
Елжан Біртанов, ҚР денсаулық сақтау министрі:
"Орталықтандырудың жаңа моделі заңды түрде бекітілгендіктен, бірқатар құжаттардың қабылдануы кешіктірілді, сондықтан осындай жағдай болды. Біз барлық қалған тауарларға қатысты талдау өткіздік. Енді тек тендер бойынша сатып алынған тауарлар қалды. Сатып алу жүйесіне өзгеріс енгізуді ұсынамыз. Сонда бізде препараттар қаңтар айының басынан бастап алынатын болады. Егер бұл шешім қабылданатын болса, жеткізілімде ешқандай проблема болмайды".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу