Дәрігер 15 науқасты дәрі беріп өлтірді деген күдікке ілінді

154

Ер адам қазір қамауда отыр. 

Дәрігер 15 науқасты дәрі беріп өлтірді деген күдікке ілінді Фото: The Insider

Берлин прокуратурасы паллиативтік көмек көрсеткен 40 жастағы дәрігерді 15 науқасты өлтірді деп айыптады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты BBC-ге сілтеме жасап.

Айыптау актісінде көрсетілгендей, ер адам 2021 жылдың қыркүйегі мен 2024 жылдың шілдесі аралығында 25 пен 94 жас аралығындағы ауыр науқастарға олардың келісімінсіз анестетик пен миорелаксант берген.

40 жастағы ер адамның аты аталмайды. Оның Германиядағы бірнеше мекемеде жұмыс істегені белгілі. Неміс дәрігері кінәсін мойындамады.

Айыпталушы 12 әйел мен 3 ер адамды өлтіруі ықтимал. Прокурорлар құрбандар саны бұдан да көп болуы мүмкін екенін айтады.

Құрбандардың бәрі айыпталушының науқастары болған. Ер адам кейбір қылмыстарын жасыру үшін бірнеше үйге әдейі өрт қойған деген күдікке де ілініп отыр.

Прокуратураның дерегіне сүйенсек, 2024 жылдың шілдесінде дәрігер бір күнде екі адамды өлтіруі мүмкін. Бірі Берлиннің орталығында тұрған 75 жастағы ер адам болса, арада бірнеше сағаттан соң көрші ауданда 76 жастағы әйел көз жұмған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу