Дәрігер электронды темекіден абай болуды ескертеді

607

Алматы қаласының Психикалық денсаулық орталығының директоры Сапар Рахменшеевтің қатысуымен оңтүстік астанадағы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында брифинг өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

Дәрігер электронды темекіден абай болуды ескертеді

Дәрігердің дерегінше, темекі қоспаларын сатушылар өз өнімдерін денеге мүлдем зиянсыз хош иісті зат ретінде таныстырады. Алайда, темекі мен темекі қоспаларының құрамында сұйықтық болады, ол буланған кезде адамға қауіп тудыраты зиянды заттар түзіледі.

Сапар Рахменшеевтің дерегінше, қазіргі темекі қоспаларының шыққаны түбі белгісіз. "Басты мәселе – бұл өнімді негізінен жастар тұтынады және олар уақыт өткен сайын "жасарып" барады. Темекі қоспалары немесе спайстар жастар арасында жылдам тарап кетті", – дейді Сапар Рахменшеев.

"Химиялық препараттар орталық жүйке жүйесінің жасушаларын тез бұзады, интеллектке, ойлауға, зейінге, есте сақтауға кері әсер етеді", – дейді Сапар Рахменшеев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу