Дәрігер Қалихан Қозбағаровтың суреті Хромтаудағы үй қабырғасына салынды

1753

Жерлестері еңбегіне адал болған марқұм Қалихан Есбосынұлына құрметін осылай білдірді.

Дәрігер Қалихан Қозбағаровтың суреті Хромтаудағы үй қабырғасына салынды

Әлемді әбігерге салған індетпен күресте алдыңғы шепте болып, мамандығына деген адалдығы мен антына берік болған Қалихан Есбосынұлының суреті Хромтау орталығындағы көпқабатты үйдің қабырғасына салынды. Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады.

"Ерін ардақтаған ел озар" демекші, елді дүрліктірген дертті ауыздықтау жолында аянбай еңбек еткен, адамдығы мен азаматтығын айналасына көрсете білген Қалихан Есбосынұлының суреті қала орталығындағы көпқабатты үйдің қабырғасына салынып, асылдың сынығы жерлестерінің санасында сақталып, еңбегі көпке үлгі болып тұратын болды",– деп жазылған әкімдіктің әлеуметтік желідегі парақшасында. 

Айта кетсек, "Облыстық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы" МКК бас дәрігері қызметін атқарған (марқұм) Қозбағаров Қалихан Есбосынұлына Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасына сіңірген аса үздік еңбегі, қызметтік борышын атқару үстінде көрсеткен жанқиярлығы үшін жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – "Қазақстанның Еңбек Ері"
атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі Алтын жұлдыз бен "Отан" ордені тапсырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу