Оның ішінде 80 мыңнан астамы – дәрігерлер. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Халық санының өсуіне байланысты амбулаториялық-емханалық ұйымдардың қуаттылығының жетіспеушілігі анықталып отыр. Республика бойынша медициналық техникамен жарақтандыру деңгейі 80% құрағанымен, олардың тозу көрсеткіші жоғарғы деңгейде қалып отыр. Денсаулық сақтау жүйесінде 270 мыңнан астам медицина қызметкерінің 80 мыңнан астамы дәрігерлер болуына қарамастан, олардың тапшылығы азаймай отыр", - деді Денсаулық сақтау министрі Үкімет отырысында.
Оның айтуынша, мұның барлығы денсаулық сақтау жүйесінің инфрақұрылымын жоспарлау кезіндегі кемшіліктердің болуын дәлелдейді және кезекті шаралар жүргізуді қажет етеді.
"Стационарлық көмекті тұтынудың жас шамасы нормативтерді енгізу және институционалдық базаны жетілдіру, инфрақұрылым объектілерін заманауи жабдықтармен және технологиялармен жарақтандыру жүйесін жетілдіру керек. Жергілікті атқарушы органдар тарапынан көрсететін әлеуметтік қолдау шараларын бірыңғайландыруды, денсаулық сақтау саласы мамандарының тапшылығын ескере отырып, кадрлық ресурстармен қамтамасыз етуді болжамдау жүйесін жетілдіру қажет", - деді ведомство басшысы.