Ұшақ жолаушылары дәрігерге түрегеп тұрып қол соқты

1225

Ұшақ жолаушылары дәрігерге түрегеп тұрып қол соқты

Ақтаудан Таразға бет алған ұшақпен ұшқан Маңғыстау облыстық ауруханасының шұғыл көмек көрсету бөлімінің меңгерушісі Нәдірқожа Мұсаев бір жолаушының өмірін алып қалды, деп хабарлайды lada.kz.

Дәрігердің айтуынша, ұшақ көкке көтерілген кезде бір әйелдің жағдайы күрт төмендеген.

"Әйелдің артериалдық қан қысымы 60/0-ге дейін төмендеп кеткен. Бұл науқас өте ауыр  шок жағдайында деген сөз. Авиакомпания ұшағында реанимациалық алғашқы көмек беруге керекті заттың бәрі табылды. Маған Таразға ұшып бара жатқан медбике көмек берді. Дәрінің көмегімен қан қысымын 120/80-ге дейін көтеру мүмкін болды. Реанимациалық іс-шаралар 1,5 сағатқа созылды. Таразға келіп қонған кезде әйел есін жиған болатын. Біз оны әуежайда күтіп алған кардиобригадаға тапсырдық", - дейді Мұсаев.

Кейіннен дәрігерге көмектескен медбике Мұсаевқа әйелдің емделіп шыққанын хабарлаған.

"Мен әрине электрокардиограмманың нәтижесін көрген жоқпын, сонда да науқастың жүзінен инфаркт белгісін байқадым. Әйелді құтқаруды ерлік деп санамаймын, бұл біздің күн сайынғы жұмысымыз",- дейді дәрігер.

Алғашқы көмек дер кезінде көрсетілгендіктен аман қалған науқасты дәрігерлерге тапсырғаннан кейін, жолаушылар Нәдірқожа Мұсаевқа түрегеп тұрып қол соғып, құрметін білдірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу