Дәрігердің айтқанын орындамағандарға шара қолданылады

1360

Сырқаты өз кінәсінен қайталанған жағдайда оларға ары қарай ақылы түрде ғана емдеу шарасы қолданылуы мүмкін.

Дәрігердің айтқанын орындамағандарға шара қолданылады

Болашақта денсаулығын күтпеген және тиісті емді уақытында қабылдамай не одан бас тартқандарға қандай да бір шара қолданылуы мүмкін, деп хабарлайды kaz.altaynews.kz

Алдағы жылы елімізде "Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" деп аталатын жаңа Кодекс қабылданады. Оған денсаулығына немқұрайлы қараған және дәрігерлердің кеңестерін орындамаған науқастарға қатысты жауапкершіліктің түрлі формасын белгілейтін нормалар енгізіледі деп күтілуде. Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі Алексей Цой мәлім етті.

Мұнда екпеден бас тарту, медициналық тексеруден өтпеу, дәрігердің берген ем-шараларынан бас тарту не орындамау секілді жағдайлар ескерілетін болады. Дәл сол сырқаты өз кінәсінен қайталанған жағдайда оларға ары қарай ақылы түрде ғана емдеу шарасы қолданылуы әбден мүмкін.

Бірақ әзірше бұл ұсыныстардың барлығы қаралып, талқылануда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу