Елорда ауруханаларында жаңа жүйе іске қосылмақ. Енді ем алушылар медициналық қызметті QR код арқылы бағалай алады. Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қамалжан Нәдіровтың айтуынша бұл үрдіс қызмет сапасын арттырып, емделушілер мен дәрігерлер арасындағы байланысты жақсартады.
Ескеретін жайт, сауалнама дәрігерлердің тікелей кәсіби тәжірибесі мен құзыретіне қатысты емес. Басты назар олардың медицина қызметкері ретіндегі этикасына аударылады.
Көп жағдайда ақ халаттылардың қабылдауында дөрекі іс-әрекеттер жиі байқалады. Сондай келеңсіз жағдайлардың алдын алу мақсатында, медициналық қызмет көрсетудің сапасын көтеру үшін халықаралық стандарт енгізілуде. Аталмыш жаңашылдық мекемелердің қызметтік көрсеткішін онлайн режимде мониторинг жасауға көмектеседі. Одан бөлек, Smart Astana қосымшасы арқылы қабылданатын пікірлер негізінде дәрігерлердің де рейтингі жасалады.