ШҚО тұрғыны дәрігердің жазуын түсінбей, желі қолданушыларынан көмек сұрады, деп хабарлайды altaynews.kz.
Өскемендік әйел желі қолданушыларынан өз баласының медициналық картасындағы дәрігердің жазуын түсіндіріп беруін сұраған.
"Баламның тамағы ауырып, дене қызуы көтерілген соң, емханаға ертіп апардым. Міне, мына дәптерде дәрігердің жазып бергені, не жазғанын түсіне алмадым. Дәрігерге түсінікті, анық етіп жазуын сұрадым, алайда ол дәл сондай жазумен қажетті дәрілердің тізімін жазып берді. Дәріханаға барсам, фармацевт қағазда не жазылғанын өзімнен сұрайды. Бәлкім біреуің не жазғанын түсінетін шығарсыңдар?" – деп жазды ШҚО тұрғыны.
Желі қолданушылардың бірі диагноздың латын әліпбиінде жазылғанын айтса, кейбіреулер "асқынған гайморит" деп жазылғанын болжап айтты. Осыған байланысты қала тұрғындары облыстық денсаулық сақтау басқармасынан дәрігерлердің науқасқа қатысты диагнозды немесе кеңестерді компьютерде теріп беруін сұрайды.