Дәрігерлер 100 жастағы науқасқа ота жасады

848

Алматы қаласының No7 қалалық клиникалық ауруханасының қабылдау бөлімшесіне 1922 жылы туған науқас жедел түрде түсті, деп хабарлады емхананың баспасөз қызметі.

Дәрігерлер 100 жастағы науқасқа ота жасады

100 жасар әже үйінде құлағаннан кейін алған жарақатына байланысты сол жақ жамбас буынындағы ауруына шағымданды. Қажетті диагностикалық зерттеулерді жүргізгеннен кейін диагноз қойылды: ығысуы бар сол жақ сан сүйегінің мойын бөлігінің жабық сынуы. Хирургиялық араласуға көрсеткіштер – деформациялар, аяқ-қолдарды қалыпты түрде бүгуге және босатуға қабілетсіздігі, сыну мен бірге жүретін ауырсынумен. Әдетте, егде жастағы адамдарда феморальды мойынның сынуы кезінде консервативті емдеу көмектеспейді.

Науқастың жасы ұлғайғанын, қатар жүретін аурулардың болуын ескере отырып, дәрігерлер – кардиолог, интернист, анестезиолог құрамында кеңес өткізілді. Операциялық бригада құрамында травматологтар Аскеров Р.А., Утешев Б.Б., анестезиолог-реаниматолог Датбаев М.Ж. және медбике Туленова Ж.А. болды.  Жасалған ота түрі - сол жақ жамбас буынының Strayker протезімен тотальды цементсіз артропластикасы. Операция жоғары деңгейде өтті, 7 аурухананың дәрігерлері  қарт жастағы науқасты аяғына тұрғызды.

Травматолог-дәрігер Бауыржан Өтешевтің айтуынша, сәтті жасалған операция науқасты ерте белсендіруге мүмкіндік берді, ота жасағаннан кейін екінші күні науқас реанимациядан политравма бөлімшесіне ауыстырылды. Дәрігерлердің айтуынша, бөлімшедегі 100 жастағы науқаста сүйек тіндері жасына сәйкес келмейді, оның минералды тығыздығы жоғары, бұл 50 әрі кетсе 60 жастағы адамдарға тән.

Науқастың қызының айтуынша, бұл ең алдымен өмір салты, таңертеңгі гимнастикамен, содан кейін гигиеналық процедуралардан басталатын анасының күнделікті дұрыс режимімен байланысты. Тамақтану да әсер етеді: ол тек үй тағамдарын кішкене бөліктерде, қатаң белгіленген уақытта қабылдайды, қуырылған тағамдарды тұтынбайды, сүт өнімдеріне артықшылық беріледі. Айтпақшы, бұл кісі 10 баланы дүниеге әкелген. Қазір ол көптеген немере, шөбере және 6 шөпшектің бақытты әжесі.

Қазіргі уақытта науқастың жағдайы тұрақты, өзін жақсы сезінеді, үйіне шығуға дайындалуда. "Төсекке таңылмағаным үшін бірінші Аллаға тәуба, одан кейін дәрігерлерге мың алғыс. Анестезияны жеңіл көтердім. Шамасы, заманауи препараттар жақсы, жәнеде дәрігерлердің көзқарасы өте зор болды. Оларға өте ризамын. Қазір операциядан кейін мен өзімді жақсы сезінемін", - деді үлкен кісі.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу