Дәрігерлер 13 жасар қыздың асқазанынан 1,5 келі шаш алды

570

Мұндай дерт әдетте шаш, жүн өнімдерін немесе киізді шайнау секілді зиянды әдетіке бейім балаларда жиі кездеседі екен.  

Дәрігерлер 13 жасар қыздың асқазанынан 1,5 келі шаш алды Фото: gov.kz

Алматы облысы Карасай көпсалалы ауданаралық ауруханасының дәрігерлері 13 жастағы қыздан асқазанынан 1,5 келі шаш алған. Сырқат бұған дейін асқазан ауруына шағымданыпты. Асқазанға фиброгастродуоденоскопия жасау кезінде трихобезоар (шаш ісігі) диагнозы расталған, - деп жазады inbusiness.kz.

"Науқасқа Қарасай көпсалалы ауданаралық ауруханасының хирургтары Мәулен Малғаждаров және Максим Стадников ота жасады. Қазір науқас хирургиялық бөлімде емделіп жатыр. Шашты алып тастағаннан кейін оның психоэмоционалды жағдайы жақсарып, ауырсыну белгісі азайған" - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу