Дәрігерлер 9 науқастың өмірін сақтап қалды

421

Оларға трансплантаттау бойынша операциялар жүргізілді.

Дәрігерлер 9 науқастың өмірін сақтап қалды Фото: Министрлік

Осы жаңа жылдық мерекелерде дәрігерлер шұғыл және мамандандырылған медициналық көмек көрсете отырып, өз қызметтерін жалғастырды, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты ДСМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, санитариялық авиация күштерінің көмегімен және бірнеше қызметтердің үйлесімді жұмысының арқасында бірден 9 пациентке ағзаларды трансплантаттау бойынша операциялар жүргізілді.

Денсаулық сақтау министрлігінің, Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының, Ұлттық ғылыми онкология орталығының, Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталықтың, Республикалық трансплантаттауды үйлестіру орталығының өңірлік трансплантаттау үйлестірушілерінің және жоғары технологиялық медициналық қызметтердің үйлесімді іс-қимылдары Жаңа жыл қарсаңында бірқатар трансплантаттау операцияларын сәтті жүргізуге мүмкіндік берді.Алматы қаласының Сызғанов атындағы Ұлттық хирургия ғылыми орталығында бауыр трансплантаттау, Астана қаласының Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталығында - жүректі және өкпені трансплантаттау, ал Астана қаласының Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында-екі балаға бүйректі трансплантаттау жүргізілді.

Қолайсыз метеожағдайлар кардиобригаданы Павлодар қаласына тасымалдауды кешіктірді, осыған қарамастан Астана қаласының Ұлттық ғылыми онкология орталығында ересек адамның және Астана қаласының Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында баланың бүйрегін трансплантаттау жүргізілді.

Барлық операциялар сәтті өтті, пациенттердің денсаулығы қанағаттанарлық.

Дәрігерлердің айтуынша, Өскемен және Павлодар қалаларынан келген екі донордың ізгі ниетінің арқасында күту парағынан ағзаларды трансплантаттауды ұзақ уақыт күткен 9 пациентті құтқару үміті орындалды. Ағзаларды транспланттау жөніндегі іс-шараларға қатысқан Павлодар және Өскемен қалаларының денсаулық сақтау ұйымдарының барлық медицина қызметкерлеріне, ЖПҚ қызметтеріне, сондай-ақ "ҚТЖ" ҰК" АҚ және Павлодар қаласы әуежайының басшыларына күрделі метеожағдайларда трансплантолог дәрігерлер бригадаларының жүріп-тұруына көрсеткен қолдауы үшін алғыс білдіреміз.

Ағзаларды қысқа мерзімде трансплантаттау бойынша виртуоздық жұмысты трансплантолог хирургтар орындады және осы қызметтің барлық мамандар тобы өз міндеттерін нақты орындады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу