Дәрігерлер Алматыда көлік қағып кеткен 7 жасар баланың жағдайын айтты

510

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы зардап шегушінің қыз бала екенін мәлім етті. 

Дәрігерлер Алматыда көлік қағып кеткен 7 жасар баланың жағдайын айтты Фото: google.com

Алматылық дәрігерлер Alma City тұрғын үй кешенінің ауласында Daewoo Nexia жүргізушісі қағып кеткен қыздың жағдайын бағалады, деп хабарлайды  inbusiness.kz.

Ол №2 қалалық балалар клиникалық ауруханасының қабылдау бөліміне бас, иық және аяқ жарақаттарымен жеткізілді.

"Қабылдау бөлімінде кішкентай қызды нейрохирург, травматолог және хирург қарады. Жағдайы тұрақты, есін біледі. Бас терісінде гематома болды. Рентгенография – екі проекцияда жасалды. Тексеруден және медициналық көмектен кейін ол амбулаторлық емдеуге жіберілді", - деп хабарлады Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Бұған дейін Алматыда үйдің ауласында 7 жасар баланы көлік қағып кеткенін жазған болатынбыз.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу