Дәрігерлер апатқа ұшыраған жүкті әйелді аман алып қалды

280

Автокөлік апатынан жүкті әйел ұсақ жарақат, миының шайқалуы, кеуде қуысының қысылуы, қабырғалардың сынуы және көптеген сүйектердің сынуы  секілді жарақаттар алды.  

Дәрігерлер апатқа ұшыраған жүкті әйелді аман алып қалды Фото: ҚР ДСМ

Шымкентте дәрігерлер жол апатынан кейін ауыр жағдайдағы жүкті әйелді аман алып қалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ағымдағы жылдың 26 қарашасында №1 қалалық клиникалық ауруханаға 1995 жылы туған сжүкті әйел жедел жәрдем көлігімен жеткізілді. Дәрігерлер ауыр жағдайда түскен пациентке шұғыл операция жасады.

Автокөлік апатынан жүкті әйел ұсақ жарақат, миының шайқалуы, кеуде қуысының қысылуы, қабырғалардың сынуы және көптеген сүйектердің сынуы  секілді жарақаттар алды.

Дәрігерлер екі күрделі операция жасады. Операцияның бірінші кезеңінде дәрігерлер жүкті әйелдің жамбас сүйегіне, содан кейін оң жамбас сүйегіне және аяқтың сүйектеріне бекіту құрылғысын хирургиялық жолмен орнатты. Барлық операциялар сәтті өтті және дәрігерлер қауіптің алдын алды. Күрделі операцияны академик Асхат Әбдімёуленов пен №1 қалалық клиникалық аурухананың травматолог-дәрігері Эльдар Смағұлов жүргізді.

Бес күн реанимацияда болған пациент палатаға ауыстырылды. Қазіргі уақытта жүкті әйелдің жағдайы қанағаттанарлық, ол өзін жақсы сезінеді. Барлық функционалдық және қозғалыс дағдылары сақталған. Күрделі операцияға қарамастан, жүктілігі сақталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу