Дәрігерлер хостелде зардап шеккендер туралы айтты

451

Бүгін таңғы 5 шамасында Алматыда хостел өртеніп, 13 адам қаза тапты.  

Дәрігерлер хостелде зардап шеккендер туралы айтты Фото: Алматы ТЖД

Алматыдағы Әди Шәріпов көшесіндегі өрттен зардап шеккен 2 адам қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасына жеткізілді.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сәйкес, науқастың біріне көмірқышқыл газына улану диагнозы қойылды.

"Оның жағдайы орташа ауырлықта, тұрақты деп бағаланып отыр. Екінші науқас барлық тексеруден кейін ұсыныстармен амбулаторлық емделуге жіберілді", - деп хабарлады ведомстводан.

Қазір 56 адам жақын маңдағы мектеп ғимаратына уақытша орналастырылды. Ыстық тамақпен қамтамасыз етіліп, қажетті медициналық-психологиялық көмек толық көлемде көрсетіледі. Бір сағаттың ішінде аудандағы қонақүйлерде тұру қамтамасыз етіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу