Дәрігерлер кәсіби қателіктері үшін салық төлейді

1364

Дәрігерлер кәсіби қателіктері үшін салық төлейді

Дәрігерлер кәсіби қателіктері үшін енді қылмыстық жазаға тартылмайды. Оның орнына ақ халаттылар тәуекел салығын төлемек. Яғни, әр дәрігер қорға ашқа жинап, түскен қаржыға емнен денсаулығына керісінше зиян келген немесе өлім тіркелген жағдайларда өтемақы қарастырылады, деп хабарлайды ktk.kz.

Қыруар ақшаны арнайы құрылған тәуелсіз қор басқармақ. Денсаулық сақтау министрлігі осылайша дәрігерді сотқа сүйреуден құтыламыз дейді. 
Ресми статистикаға сенсек, бір жылда ақ халаттыларға 500-ге жуық шағым түседі. Бірақ оның санаулысы ғана сотқа жетеді. Мысалы 2016 жылы 15 дәрігер жазаға тартылса, оның алдыңғы жылы екеуі ғана. Дәрігер қателігімен таныс азаматтар, олардың кінәсін дәлелдеу басқа бір дәрігердің қолында болғандықтан, қиынның қиыны дейді.

Мамандарын соттан қорғау үшін Денсаулық сақтау министрлігі енді арнайы қор құрмақшы.

Министрлік есепке 29 мың дәрігерді алып отыр. Оған сәйкес қорға бір жылда бір миллиард теңгеден артық түсуі тиіс. Дәрігердің қателігін тыю мүмкін еместігін түсінген министрлік, осылай сақтанбақшы.

Әріптестерінің қателігі үшін қосымша міндетті салық төлеу идеясына қатысты дәрігерлер әлі пікір білдірген жоқ. Ал емнен зиян шеккен азаматтар, жаңа қор құр салық жинайтын ұйым ғана болады деп күдікпен қарайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу