Дәрігерлер қонақүйде қонатын болды

1101

Стационардағы медицина қызметкерлеріне 200 млн теңге бөлінді. 

Дәрігерлер қонақүйде қонатын болды  Фото: astana.gov.kz

Елорда әкімі Алтай Көлгінов коронавирус инфекциясымен күресіп жатқан дәрігерлер науқастармен бетпе-бет келетіндіктен тәуекел тобына жататынын мәлімдеді. 

Шаһар басшысы олардың өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрғанын атап өтіп, медицина қызметкерлері науқастардың жанын сақтау үшін өздерінің жанын шүберекке түйіп жүргенін жеткізді.  

"Дәрігерлер күндіз-түні жан аямай еңбек етіп жүр. Біз оларға алғыс айтуымыз және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуіміз керек", – деді Алтай Көлгінов.

Оның сөзінше, қазір 170  автобус медицина қызметкерлерін тегін тасымалдап жүр. Оларға жеке қонақүй бекітілген. 

"Дәрігерлердің отбасының қауіпсіздігі де басты назарда. Қазір олар үйлеріне бармайды, қонақ үйде қонады. Бүгін стационардағы медицина қызметкерлеріне 200 млн теңге бөлінді. Өздеріңіз білетіндей, Мемлекет басшысының тапсырмасымен дәрігерлерге санатына қарай үстемеақы төленетін болды. Дәрігерлерге материалдық қолдаумен қатар моралдық қолдау қажет. Дәрігерлерді қолдайық!" – деді Алтай Көлгінов.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу